Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

ӨНЕРДІ ТАҢДАҒАН ЖҮРЕК

Музейде Семей өңірінен шыққан әнші әрі продюсер, қазақ эстрадасының дамуынына үлес қосып жүрген өнер иесі Майра Әлімғазықызы Ілиясованың 70 жасқа толуына орай «Өнерді таңдаған жүрек» тақырыптық экскурсиясы өтті. Шараға қаламыздағы № 35 мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.

Экскурсия барысында оқушылар өнер иесінің өмір жолы, шығармашылық ізденістері және қазақ эстрадасына қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет алды. Әншінің сахна мәдениетін қалыптастырудағы еңбегі, продюсерлік қызметі, жас таланттарды қолдауы жайында айтылды. Майра Әлімғазықызының музей экскпозиясына қойылған сахналық костюмдері, кітабы, фотосуреттері таныстырылды. Әрбір жәдігердің тарихы баяндалып, оқушыларға өнер жолының жауапкершілігі мен маңызы түсіндірілді.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын насихаттау, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық пен табандылыққа тәрбиелеу. Танымдық мәні зор бұл экскурсия оқушыларға ерекше әсер қалдырды.