
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласындағы Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейдің филиалы
2013 жылғы 24 желтоқсанда Аягөз қаласында Семейдің облыстық тарихи- өлкетану музейінің филиалы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынға ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденің иегері Несіпбек Айтов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалин, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Теміров және Аягөз қаласының тұрғындары қатысты.
Музей ғимаратының құрылысы 2011 жылғы қыркүйекте басталды. 2013 жылғы желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды. Құрылыстың жалпы бюджеті – 79,5 млн. теңге.
Музейдің бірінші залында Семейдің облыстың тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі орналасқан, екінші залында – конференц-зал, үшінші, төртінші залдарда аудан тарихына байланысты жәдігерлер қойылған.