Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

«Семей ядролық сынақ полигоны»

Ядролық дәуір 1945 жылғы 16 маусымнан басталады. Бұл күні АҚШ атом бомбасын шығарып, Нью – Мексико штатында сынақтан өткізеді. КСРО-нда ядролық сынақтарды И.Курачтов басқарған, ал бұл сынақтарға тікелей басқаруды Л. Берия мен И. Сталин жасады. Семей ядролық полигоны КСРО Министрлер Кеңесі шешімімен 1947 жылы 21 тамызда құрылды. 1949 жылы 29 тамызда бірінші сынақ Семей полигонында өткізілді. Полигон трагедиясы 40 жылға созылды.

1953 жылғы тамызда термоядро қондырғысының, ал 1955 жыл А. Сахаров шығарған бомбасының сынағы өтті.

Экспозицияда жарылыстардың фотосуреттері, ғалым – атомшылар Ю. Харитон, И.Курчатов, А. Сахаровтың, Семей ядролық полигонына байланысты фотосуреттер берілген.

1989 жылғы 28 ақпанда «Невада – Семей» антиядролық қозғалыс құрылды. Қозғалыс мақсаты тек Семей полигонын жабу ғана емес, бүкіл жер бетіндегі ядролық полигондарын жабу болды. Қозғалыс президенті және ұйымдастырушысы – О. Сүлейменов.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Семей полигоны кешені базасы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығы құрылды. Экспозицияда антиядролық қозғалысқа байланысты фотосуреттер, ҚР ҰЯО байланысты құжаттар мен деректер және 1991 жылғы 29 тамызда шыққан тарихи жарғының көшірмесі бар.