Өңіріміздің ғылыми және мәдени жетістіктері
Семей – Қазақстанның рухани және мәдени орталығы. Семей – ұлы Абай Құнанбаев , Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әезовтың отаны. Сонымен қатар Семей жерінен көптеген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері шыққан.
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, сазгер Теміржан Базарбаев, Қазақ ҚСР Еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменов, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Мәдениет Ешекеев, Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әншісі Келденбай Өлмесеков т.б. Ертіс өңірінен шыққан. өнер қайраткерлерінің жеке заттары мен фотосуреттері экспозицияда ерекше орын алады.
Социалистік Еңбек Ері, Қаз КСР еңбек сіңірген ұстаз Жақия Шәйжүнісовтың өмірі мен қызметі туралы құжаттар көрсетілген. Ғалым, абайтанушы, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы, Қаз КСР алғашқы Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен қызметіне арналған құжаттар мен деректемелерге экспозицияда ерекше орын берілген.
Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ер балалар лицейі болашақ әскери адамдарды тәрбиелейтін оқу орны. Лицей қабырғасында ер балалар жалпы әскери, заңгерлік, экономикалық бағытта білім алады.
1994 жылы ашылған Қазақ – түрік лицейі Қазақстан мемелекеті мен Түркия елінің достық қарым – қатынасының нәтижесі. Лицейдің оқу – тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі бекіткен талаптарға сай оқушылар түрік, ағылшын, орыс тілдерінде білім алады. Лицей туралы экспозицияда фотосуреттер, құжаттар, оқушылардың салтанантты киімі қойылған.
Семей Медициналық академиясының үздік оқушылары мен дәрігерлері марапатталған мемлекеттік наградалар, белгілер, ескерткіш сыйкәделер де осында орналастырылған.