Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

Қауіптен қорғайтын қалқан

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде өрт сөндіру қызметіне 105 жыл толуына арналған Абай облысы төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен және сала ардагерлерімен «Қауіптен қорғайтын қалқан» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.. Шара басында экраннан өрт сөндіру-құтқару қызметінің маңыздылығын танытуға арналған бейнеролик көрсетілді. №17, 15, 20 мектептердің оқушылары қатысқан кездесу сұхбат түрінде өтті. Өрт сөндіру қызметінің ардагерлері мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мамандықтарының қыр-сыры жайлы, жұмыс тәжірибесінде болған қызықты жағдайлар туралы сұрақтарға жауап берді.
Кездесу кешінің соңында құрметті меймандарға музей атынан сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсу рәсімі жасалды.