Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ – ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде №12 мектептің 6-сынып оқушыларына «Ұлы дала әуендері: қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» тақырыптық дәрісі өтті. Шара мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық өнерге деген қызығушылықты ояту және дәстүрлі музыка өнеріне құрмет сезімін қалыптастыру. Дәріс ұлттық музыкалық аспаптар экспозициясы аясында ұйымдастырылып, презентация көрсетілді. Оқушылар қазақтың ұлттық аспаптары — домбыра, қобыз, шертер, асатаяқ, даңғыра, дауылпаз, шаңқобыз, сазсырнай сияқты үрмелі және ұрмалы аспаптардың шығу тарихы, даму кезеңдері және олардың жасалуына байланысты аңыз-әңгімелермен танысты. Ұрмалы аспаптарға – даңғыра, дауылпаз, шаңқобыз, үрмелі аспаптарға – сазсырнай, қобыз жатады. Сонымен қатар, аспаптардың ағаш, жылқы қылы, тері, металл, жануар сүйегі мен мүйіз сияқты табиғи материалдардан жасалатыны туралы мәлімет берілді. Бұл ақпарат оқушыларға ұлттық музыканың құрылымы мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік берді.