
Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейдің филиалы
2012 жылғы 16 қарашада ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаев аудан ақсақалдарымен бірге Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанатының лентасын кесті.
Музейдің ашылуына Семейдің облыстық тарихи- өлкетану музейі көп көмек көрсетті. Бүгінгі күні Қарауыл музейі Семейдің облыстық тарихи- өлкетану музейінің филиалы болып қызмет көрсетеді.
Музей 320 шаршы метр жерде орналасқан. Бір көрермен залы, қор сақтау бөлмесі, жөндеу шеберханасы, қызмет бөлмелері бар. Музей экспозициялары Шыңғыстау өңірі тарихы мен сол жерден шыққан ұлы адамдар туралы әңгімелейді.
Музей экспозициялары:
«Археология» , «Этнография», «Флора-фауна», «Абай, Шәкәрім, Мұхтар», «Репрессия жылдары», «Ұлы Отан Соғысы», «Полигон» , «Социалистік Еңбек Ерлері» , «Ауданымыздың әйгілі адамдары», «Аудан басшылары» , «Қаламқас ансамблі», «Аудан қонақтары», «Нұр-Сана», «Президент», «Аудан жетістіктері» бөлімдерінен тұрады.
Музейдің негізгі міндеті – болашақ ұрпағымызға патриоттық тәрбие беру, туған жерінің тарихын жеткізу, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, музейге келген әр адамның жүрегінде «Мен – ұлылардың ұрпағымын» деген ой қалдыру. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты даналардың өмірі мен шығармашылығын терең білу және өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізу.