Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен ақ жаулықты әжелерімізді мерекелерімен құттықтай отырып, әлемдегі ананың ұлы екенін, алтыннан қымбат қадірлі екенін дәріптеу іс-шараның басты мақсаттарының бірі болып табылды.
Іс-шара барысында мәдениет үйінің әншілері аналарға арналған, сондай-ақ, көктем мен махаббат туралы әндер шырқаса, өнер мектебінің бүлдіршін бишілері өзбек, орыс билерін мың бұрала биледі. Сонымен қатар, қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары аналарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, шағын сый-сияпаттарын табыстады. Кеш соңында аяулы әже Оразхан Эсбайқызы қатысушыларға батасын беріп, музей ұжымына барлық аналардың атынан алғысын жеткізді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы