Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

Өңіріміздің өндірісі

Қазіргі күні Семей өңірінің өндіріс алпауыттары өз жұмысын қайта жандандырып жатыр. Мысалы: цемент зауыты, ет – консерві комбинаты, былғары – тері комбинаты, құрылыс материалдары зауыты, машина жасау зауыты, танк жөндеу зауыты. Өткен ғасырда Семей жеңіл өнеркәсібімен әйгілі болса, қазір қалада ауыр машина жасау кластері дамуда. Машина құрастыру мен металл өңдеумен «Семипалатинский машиностроительный завод» АҚ, автобус шығарумен DAEWOO – «Сем АЗ» ЖШС айналысады.

Бұл кәсіпорындар индустрияда жергілікті шикізатты қолданады. «Силикат», «Цемент» АҚ, темір бетон құрастыру комбинаты цемент, шифер, кірпіш, темірбетон шығарады.

«Шығыс Қазақстан Ұн – Комбикорм комбинаты» АҚ Семей тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Роза» ЖШС туралы материалдар экспозицияда бар.

Шығыс Қазақстан облысы – республикадағы ірі агроөнеркәсіп өңірі. Ауыл шаруашлығы – көп салалы. Мал шаруашылығы маңызды саланың бірі болып тұр. Семейден 10 шақырым жерде Ертістің сол жағалауында мал шаруашылығымен айналысатын «Агрофирма «Приречное» ЖШС орналасқан.

«Хлебокомбинат – Восток» ЖШС өңірімізді ұннан жасалатын тағамдармен және сүт тағамдарымен қамтамасыз етеді. ЖШС шығаратын өнімдері: нан, тоқаш, торт, кондитер, макарон тағамдары, печенье, пряник, балмұздақ, т.б.

Семей- Қазақстанның маңызды көлік тарабы. Қала ортасынан ірі автомобиль және темір жол өтеді. Ертіс өзені арқылы үш көпір тартылған. 1998 – 2000 жылдары өзен арқылы аспалы көпір құрылысы жүргізілді. Көпір құрылысын келісім бойынша Қазақстан және Жапон мемлекеті жүргізді. «Исикавадзима – Харима Индастриз» жапон фирмасы және Қазақстандық құрылысышылар салған аспалы көпір туралы экспозицияны көрермендер тамашалауына болады. Семей қаласы өнеркәсіптері шығаратын бұйымдардың көрмесі мен суреттері, наградаларына арналған экспозиция бар.