
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Абай ауданы аумағындағы Құнанбай қорымы мемлекет қамқорлығына алынып, елімізде тұңғыш рет Құнанбай Өскенбайұлының музейі құрылды.
Музей Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округына қарасты Ақшоқы қорығында 2020 жылы салынып, жаһанды жайлаған індетке байланысты тек 2021 жылы пайдалануға берілді. 2021 жылы «ШҚО қаржы басқармасы» ММ 14.04.2021 ж.бұйрығына сәйкес бұл музей Абай ауданының ТКШ есебінен ШҚО мәдениет басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК есебіне берілді. Сонымен бірге музей қарамағына Құнанбай қорымы берілді.
Музейде 1 экспозициялық зал, 1 конференц-зал, зиярат етіп келушілерге 4 адамга арналған қонақ бөлмелері, намазхана, ас бөлмесі бар. Музейдің жалпы ауданы 311,8 шаршы метрді құрайды.
Музейдің экспозициялық залында Құнанбай дәуірі мен оның қоғамдық қызметі, сол заманындағы ел тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды жәдігерлер, құжаттар, тұрмыстық заттар және т.б. көрсетілген.