- 14.02.2020
- Category: Жаңалықтар

2020 жылы 14 ақпан күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласының филиалы және Орталық аудандық кітапханамен бірлескен «Ерлікке тағзым» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездеу кеші өткізілді.
Кешке № 6 мектептің 8-сынып оқушылары,Өнер мектебінің оқушылары және Ауған соғысы ардагерлері Бейсеков Рымбек Тулеубайұлы, Бураханов Ерболат Аманғалиұлы қатысты. Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, өткен тарихымызды ұмытпау.