Областной историко-краеведческий музей города Семей

Абай облысы
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

Кіріспе залы

Экскурсия кіре берістегі Абай облысының картасынан басталады.

1920 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ АКСР орталық сайлау комитеті 1 сессиясы шешімімен Зайсан, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Павлодар уездерінен және Алматы губерниясы аумағының бөлімінен тұратын Семей губерниясы құрылды.

1932 жылдың 20 ақпанында Қазақ ОСК ІІ сессиясы шешімімен Шығыс Қазақстан облысы құрылды. Облыс орталығы – Семей.

Құрамына 21 аудан кіреді. КСРО Жоғары кеңесі Президиумы жарлығымен 1939 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан облысы құрамынан орталығы Өскемен қаласы болып Шығыс Қазақстан облысы бөлінді. 1997 жылы облыс орталығы ­Өскемен қаласы болып екі облыс қайтадан біріктірілді.

2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың
2022 жылғы 4 мамырдағы Жарлығына сәйкес Абай облысы құрылды. Әкімшілік орталығы
Семей қаласы болды. Облыс құрамына 1997 жылға дейін бұрынғы Семей облысының
құрамына кірген аумақтар кірді.

Абай облысы шығысында Шығыс Қазақстан облысымен,
оңтүстігінде – Жетісу облысымен, солтүстік-батысында – Павлодар облысымен,
солтүстігінде – Ресеймен (Алтай өлкесі), оңтүстік-шығысында – Қытаймен
(Шыңжаң-Ұйғыр автономды аудан) шектеседі.

2007 жылғы 21 маусымда ҚР Президенті жарлығымен Семипалатинск деген қала атауы Семей деген атауға ауыстырылды.