Бұл зал музейдің ең әдемі және кең бөлмесі. Төбесі биік, көне аспалы шам ілінген, әдемі бағандары бар бөлмеде ертеде қонақ күтіп, концерт, бал кештері өткізілген.
«Алаш идеясы – Тәуелсіздік негізі», «Семей ядролық полигоны: кеше, бүгін, ертең…», «Семей тәуелсіздік жылдарында» тақырыптарымен аталған экспозиция арқылы өңірдің ғылым, экономика, мәдениет, өндіріс жаңалықтарымен танысуға болады.