- 04.03.2022
- Категория: Новости

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Үржар филиалында «Арулар – асыл жандар» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Шараға І.Жансүгіров атындағы орта мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Музей қызметкері Әлия Ерболқызының бағдарламасы негізінде өткен шара балалардың анаға деген жүрекжарды өлеңдері, әсем әндері, ізгі тілектерімен есте қалды.
Ақжар ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі, өнерпаз Камалбек Досан өнерсүйер жеткіншектерге арулар тақырыбындағы бірнеше ән орындап, кеш шырайын кіргізді.
Шара барысында ұлттық ойындар, викториналық сұрақтар, жұмбақтар оқушылар назарына ұсынылып, кештің тартымды әрі қызықты өтуіне ықпалы зор болды. І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 5-сынып жетекшілері Ақтамбердиева Надира, Ерғали Динара, Нұрұшева Назира тәрізді ұстаздарға ұжым атынан алғыс білдіреміз.