- 26.02.2026
- Категория: Новости
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсовод күніне орай жастар арасында «Экскурсовод PRO: музей білгірлері» танымдық, интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды. Зияткерлік дода жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, экскурсовод мамандығының маңыздылығын насихаттауға бағытталды.
Интеллектуалдық квизге қаламыздағы университет және колледж студенттерінен 5 команда қатысты. Квиз 6 кезеңнен тұрып, қатысушылар өлкетану музейі мен өңір тарихы бойынша білімдерін сынады. Тарих пен мәдениетке қатысты сұрақтарға жауап беріп, ерекше белсенділік пен тапқырлық танытты.
Іс-шара барысында жоғары білім деңгейі мен зеректігін көрсеткен жеңімпаздар анықталды. Квиз қорытындысы бойынша:
І орын – Әлихан Бөкейхан университетінің «Алаш» командасы;
ІІ орын – Көпсалалы колледждің «Шаңырақ» командасы;
ІІІ орын – Көлік колледжінің «Жолсерік» командасы иеленді.
Барлық қатысушыларға дипломдар және сыйлықтар табысталды.
