- 22.03.2026
- Категория: Жаңалықтар
Жер жүзіндегі әр халықтың өзіне тән ерекше мейрамдары бар. Соның ішінде шығыс халықтарына ортақ, табиғатпен біте қайнасқан ұлы мерекелердің бірі – Наурыз.
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – көктемнің мерекесі» атты мерекелік кеш өткізілді.
Алғашқы құттықтау сөзді музей басшысы Сабырбаев Қайрат Зекенұлы алып, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тіледі. Шара барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, сәбиді бесікке бөлеу рәсімі көрсетілді. Қазақ халқы үшін бала – өмірдің жалғасы, ұлттың болашағы. Сондықтан сәбиді қастерлеп өсіруде ата-бабамыздан келе жатқан бесікке бөлеу дәстүрінің маңызы зор екені айтылды. Сонымен қатар музей мамандары бірнеше ән орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
