- 06.04.2026
- Категория: Жаңалықтар
Ерлік пен еңбек даңқы бөлімінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық әйелдердің ерлігіне арналған «Қазақтың қаһарман қыздары» атты тақырыптық дәріс өтті.
Дәріс барысында соғыс жылдары әйелдердің майдандаға қатысуы шындыққа айналғаны атап өтілді: олар тек медициналық қызметкер ретінде ғана емес, қолына қару алып, ерлермен қатар шайқасты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жүздеген мың әйелдер тылда қалуды қаламай, ерікті түрде әскер қатарына қосылды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің бұйрықтарына сәйкес 1942 жылы Қызыл Армия қатарына 800 мыңнан астам әйел шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шайқастарға Қазақстаннан шамамен 6 мыңға жуық әйел қатысты.
Дәрісте Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, сондай-ақ ерлігі мен қайсарлығы арқылы танылған Қазақстанның Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың қаһармандық тағдырларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тыңдаушыларға Семей өңірінен соғысқа қатысқан әйел-фронтовиктер туралы да айтылды. Олардың қатарында Ж. Сафарбакова, С. Махмутова, К. Асанова, Л. Березницкая, Т. Звягинцева, В. Попова және басқа да майдангерлер бар. Олардың өмір жолы – патриотизмнің, төзімділіктің және Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі.
Дәріс Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің, сондай-ақ электротехникалық колледж студенттеріне арналды және тарихи жадыны сақтау, сондай-ақ жастардың бойында жеңімпаз ұрпақтың ерлігіне деген құрметті қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды.
