- 12.03.2026
- Категория: Жаңалықтар
2026 жылғы 12 наурызда Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің « Ерлік пен еңбек даңқы» бөлімінде 30-шы Гвардиялық Қызыл Ту Рига атқыштар дивизиясының құрылуына 85 жыл толуына арналған іс-шара өткізілді.
Дивизия 1941 жылдың көктемінде Алматы, Қарағанды және Семей облыстары аумағында құрылды. Жеке құрам негізінен қазақтардан тұрды (75%). Дивизия штабы Семей қаласында орналасты. Басқарма тапсырмаларын үлгілі орындағаны және жаппай ерлік көрсеткені үшін 1942 жылғы 3 мамырдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 238-шы атқыштар дивизиясы Қызыл Ту орденімен марапатталды. Сол жылдың 24 мамырында фашист басқыншыларымен болған шайқастарда көрсеткен батылдығы үшін Халық Комиссарының бұйрығымен дивизия 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясына айналдырылды.
Дивизия шайқастар арқылы Рига шығанағының жағалауына дейін жетіп, Латвияның астанасы Рига қаласын азат етті, сол себепті «Ригалық» дивизия деген атаққа ие болды. Соғыс жылдары гвардиялықтар мыңдаған километр жерді шайқастармен жүріп өтті, 1200 елді мекенді, 8 қаланы азат етті және 16 неміс дивизиясына ауыр шығын келтірді. Батырлықтары мен ерліктері үшін дивизияның мыңнан астам жауынгері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.К. Бердикенов, ҚР ІІМ ардагері, отставкадағы полковник Ж.О. Оразов, Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник К.Г. Шарипханов, «Ерлік даңқ» іздестіру жасағы жобасының жетекшісі Е.Е. Оразғалиев, сондай-ақ электротехникалық колледждің студенттері шақырылды.
Кездесу қонақтары үшінқ Семей қаласының мәдениет сарайының әртістері соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
