БІРЛІК КҮНІ: ТАРИХ,ТАҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАНЫМ

БІРЛІК КҮНІ: ТАРИХ,ТАҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАНЫМ

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тақырыптық дәрістер ұйымдастырылды. Шараға Абай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Н.Г. Чернышевский атындағы №1 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.

Дәріс барысында қатысушыларға Қазақстанда түрлі ұлт өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқаны, елдегі тұрақтылық пен татулықтың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, 2026 жылы Қазақстан халқының бірлігі күніне 30 жыл толатыны атап өтіліп, мерекенің тарихы мен мәні туралы тың деректер ұсынылды.

Іс-шара аясында оқушыларға арналған танымдық бөлім де ұйымдастырылды. Әртүрлі халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тілдері бойынша викториналық сұрақтар қойылып, балалар белсенді түрде қатысып, өз білімдерін көрсетті. Оқушылар өлеңдерді жатқа оқып, шығармашылық қабілеттерін танытты.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастырып, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен достық сезімін нығайтуға ықпал етеді.