ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІ

2026 жылдың 5 наурызында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Әлихан Бөкейхан университеті ұйымдастырған «Ұлттық аумақ және тарихи жады: Әлихан Бөкейхан – 160 жыл» апталығы аясындағы «Әлихан Бөкейхан және оның қазақ тарихындағы зерттеушілік қызметі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Шара барысында музей қызметкері «Әлихан Бөкейханның зерттеушілік қызметі: музей қорындағы сирек басылымдар негізінде» тақырыбында баяндама жасады.

Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының тарихы, шаруашылығы және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда зерттеген көпқырлы ғалым. Музей қорында сақталған сирек басылымдар оның ғылыми мұрасының ауқымын айқын көрсетеді.

Баяндама барысында музейдің кітап қорындағы Әлихан Бөкейхан еңбектері және бірқатар құнды басылымдар  таныстырылды. Атап айтқанда:

– «Сведения о киргизском хозяйстве Степного края к 15 января 1902 года»;

– «Россия. Полное географическое описание нашего Отечества» көптомдығының 18-томы – «Киргизский край», ондағы Әлихан Бөкейханның «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты зерттеуі;

– «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков»;

– «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского Русского Географического Общества»;

– Фридрих Брокгауз және Илья Ефрон шығарған «Жаңа энциклопедиялық сөздік» көптомдығы.

Бұл еңбектердің барлығы Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамының экономикалық, тарихи және мәдени болмысын кешенді түрде зерттеген, ұлттық тарихнаманың ғылыми негізін қалыптастырған ірі зерттеуші екенін айқындай түседі.