- 01.06.2026
- Категория: Жаңалықтар
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Конституция: құқық, тарих және қоғамдық сана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихи маңызы мен қоғамдағы рөлін түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сана мен заңға құрметті нығайту.
Шараны музей директоры Қ.Сабырбаев ашып, Конституцияның ел дамуындағы орны мен қоғам үшін маңызына тоқталды. Дөңгелек үстел барысында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор З.Тоқаев, Shakarim University жанындағы Социологиялық талдау орталығының координаторы Н.Ғазизова, №45 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші А.Шантемиров баяндама жасап, Конституцияның тарихи-құқықтық негіздері, қоғамдағы құқықтық сана және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері жөнінде ой бөлісті.
Іс-шараға қатысушылар Конституцияның мемлекет тұрақтылығы мен қоғамдық келісімді сақтаудағы рөлі туралы пікір алмасып, құқықтық мәдениетті дамыту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
