НАУРЫЗ – БІРЛІК ПЕН ДӘСТҮР МЕРЕКЕСІ

НАУРЫЗ – БІРЛІК ПЕН ДӘСТҮР МЕРЕКЕСІ

Наурыз мерекесіне орай өлкетану музейі қаланың орталық алаңын ұлттық нақышта безендіруге белсене атсалысты. Музей қызметкерлері киіз үй жабдықтарын және тұрмыстық-этнографиялық бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге қойылған жәдігерлер арқылы келушілер қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігімен, қолөнерімен және мәдени мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Мерекелік шара барысында арнайы тігілген киіз үйге облыс әкімі Берік Уәли де кіріп, көрмені тамашалады. Ол ұсынылған ұлттық бұйымдармен танысып, музей ұжымының еңбегіне оң бағасын берді.

Киіз үйдің ішкі жабдықтары, ұлттық ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық заттар мерекенің мазмұнын байытып, ерекше ұлттық атмосфера қалыптастырды.

Қонақтар қазақтың киіз үйінің ішкі безендірілуімен, халықтың тұрмыс салтымен танысты.

Наурыз мейрамында барлық ұлт өкілдері бас қосып, татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Бұл күні көпшілік мерекелік шаралар, концерттер, тұрғындарға Наурыз көже ұсынылып, ұлттық ойындар өтті.