ШАҢЫРАҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ӨЗЕГІ

ШАҢЫРАҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ӨЗЕГІ

Музейде «Наурызнама» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күніне ұйымдастырылған «Шаңырақ – береке мен бірліктің нышаны» тақырыбында  тақырыптық экскурсия  өткізілді. Шараның  мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін дәріптеу, шаңырақтың маңызы мен мәнін жас ұрпаққа түсіндіру, отбасы бірлігі мен татулықтың құндылығын насихаттау. Экскурсия  барысында қазақ халқының киелі баспанасы – киіз үйдің құрылымы, оның негізгі бөліктері, шаңырақтың тарихи-мәдени маңызы туралы айтылды. Шаңырақтың тек киіз үйдің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар отбасының, бірліктің, ұрпақ сабақтастығының символы екендігі баяндалды. Қазақ халқында «шаңырақ көтеру», «қара шаңырақ», «шаңырағы биік болсын» сияқты ұғымдардың терең мағынасы түсіндіріліп, олардың тәрбиелік мәні жайлы ақпарат берілді. Студенттерге музей қорындағы ұлттық бұйымдар мен жәдігерлер таныстырылып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер ұсынылды.