МУЗЕЙДЕГІ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮН

МУЗЕЙДЕГІ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮН

Асық ойыны – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойындарының бірі. Бұл ойын күндіз де, түнде де ойналады. Күндіз ойналатын түрлері балаларды мергендікке баулыса, түнгі ойындар ептілік пен шапшаңдықты талап етеді.

Асық  ату ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке және ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл ойын балалардың ойлау қабілетін дамытып, төзімділік пен батылдыққа үйретеді.

Музейде Ұлттық спорт күніне орай «Асығымыз алшысынан түскей…» атты жастар арасында асық ату ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойындарды дәріптеу, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын насихаттау.

Ата-бабамыздан мұра болып қалған бұл көне ойын бүгінгі күні де жастардың қызығушылығын арттырып келеді. Асық – төрт түлік малдың, әсіресе қойдың асық жілігінен алынатын сүйек.

Асық ойындарының түрлері де өте көп. Олардың қатарына алшы ойыны, омпа, асықты тігіп ойнау, тас қала, хан, ханталапай, бес тас және тағы басқа түрлері жатады. Әр ойынның өзіндік ережесі мен ерекшелігі бар.

Асық ойыны – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға және оны келер ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосады.