ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне бұл күннің енгізілуі сан ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдері арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша серпін беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттық тәрбиенің ошағы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты жастарды отбасы бірлігін сақтауға, ата-ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, көпбалалы отбасылардың өнегесін насихаттау және ұлттық дәстүрлерді ұлықтау болып табылады. Музейге арнайы шақырылған қонақтар үлгілі  өнегелі әже Оспанова Камал  – 87 жаста, 5 бала тәрбиелеп отырған   Нұрлатовтар және  Уахметовтар отбасы болды. Кеште  қатысушылар өздерін таныстырып, отбасылық тәрбие мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның  әншісі Б.Түктібаев ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шараға қаламыздағы «Қайнар»  колледжі мен Жақия Шәйжүнісов атындағы Электронды колледж студенттері қатысты.