- 26.02.2026
- Категория: Новости
Музей қабырғасында №12 орта мектебінің 6-сынып оқушыларына «Ертіс бойымен саяхат» тақырыбында өлкетану сабағы болды.
Сабақ барысында оқушылар Ертіс өзенінің атауының шығу тарихымен танысып, оның жалпы ұзындығы, тереңдігі, су қоры және тазалығы жөнінде жан-жақты мәлімет алды. Өзеннің ірі және шағын салалары, Қазақстан аумағындағы және шекаралық аймақ ретіндегі стратегиялық маңызы түсіндірілді. Экологиялық мәселелерге де ерекше назар аударылды. Оқушыларға Ертіс өзеніндегі балық түрлерінің алуан түрлілігі және су айдындарын қорғаудың маңыздылығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, кәріз суларын ағызу, өндірістік қалдықтардың әсері және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері төңірегінде сөз қозғалды.
Сабақ соңында оқушылар Ертіс өзені туралы викторинаға қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Ертіс өзені – туған өлкенің тіршілік көзі, табиғаттың баға жетпес сыйы.
