Областной историко-краеведческий музей города Семей

Область Абай
г. Семей, ул. Абая, 90

ТЕҢГЕНІҢ ЖОЛЫ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАРИХЫ

15 қараша – Ұлттық валюта күні. 1993 жылы 15 қарашасында теңге ресми айналымға енгізіліп, еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің негізі қаланды.

Валюта күні – бұл қаржы жүйесінің, ұлттық және әлемдік экономиканың басты құралы саналатын ақшаның қоғам өміріндегі орнын еске салатын маңызды күн. Әлемнің көптеген елдерінде ұлттық валютаның айналымға енген күні ерекше аталып өтеді.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музей қорында сақталған алғашқы теңге үлгілері мен банкноттар – бұл тек ақша емес, тәуелсіздіктің, тарихтың және ұлттық мәдениеттің айнасы. Әрбір банкноттың бейнесінде халқымыздың тарихы мен дәстүрі көрініс тапқан. Бұл жәдігерлер – тәуелсіз Қазақстанның тарихынан сыр шертетін құнды мұралар. Теңге – тек ақша бірлігі емес, ол – ел тәуелсіздігінің символы, экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Музейде біз осы тарихи рәміздердің сырын, пайда болу тарихын және олардың мәдени мәнін келушілерге жеткіземіз.

Ежелгі заманда адамдар тауарды айырбас арқылы пайдаланған. Мысалы, бір уыс тұз – бір себет астыққа тең болған. Кейінірек құнды металдар (алтын, күміс, мыс) ақша орнына қолданылды. Ал алғашқы қағаз ақша Қытайда IX ғасырда пайда болған.

«Теңге» атауы көне түркі сөзінен шыққан, мағынасы – «өлшем», «таразы» дегенді білдіреді. Теңге дизайнын жасаған суретшілер тобына Х.Ғабжәлелов, М.Әлин, Т. Дәукенов, С.Айтбаев және басқалар кірді.

Алғашқы банкноттар Ұлыбританияда басылып шыққан. Ең алғашқы теңге купюраларында Әл-Фараби, Абылай хан, Абай, Шоқан Уәлиханов сияқты тұлғалардың бейнелері болды. Қазіргі теңгелерде заманауи голограмма, микромәтін, ультракүлгін белгілер сияқты қорғау элементтері бар. Теңге дизайны мен қауіпсіздігі бойынша әлемнің үздік валюталарының бірі деп танылған (2007, 2011, 2013 жылдары халықаралық марапат алған).

Валюта – тек сауда құралы емес, ол елдің тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының нышаны. Теңгенің тарихы – Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуының айғағы.

 

 

ПУТЬ ТЕНГЕ – ИСТОРИЯ НЕЗАВИСИМОГО ГОСУДАРСТВА

15 ноября – День национальной валюты Республики Казахстан. Именно 15 ноября 1993 года тенге был официально введён в обращение, заложив основу финансовой независимости нашей страны. День валюты – это важная дата, которая напоминает о роли денег, как главного инструмента финансовой системы, национальной и мировой экономики. Во многих странах мира день введения национальной валюты отмечается особо. В фондах областного историко-краеведческого музея г.Семей хранятся первые образцы тенге и банкноты – это не просто деньги, а зеркало независимости, истории и национальной культуры. На каждой банкноте отражена история и традиции нашего народа. Эти экспонаты – ценное наследие, рассказывающее о становлении независимого Казахстана. Тенге – не только денежная единица, но и символ независимости страны, гарант экономической стабильности. В музее мы рассказываем посетителям о значении этих исторических символов, об их истории создания и культурной ценности. В древние времена люди использовали обмен товаров. Например, горсть соли равнялась одной корзине зерна. Позже в качестве денег использовались драгоценные металлы – золото, серебро, медь. Первые бумажные деньги появились в Китае в IX веке. Название «тенге» происходит от древнетюркского слова, означающего «мера», «вес». Создатели дизайна тенге – такие художники, как Х. Габжәлелов, М. Әлин, Т. Дәукенов, С. Айтбаев и другие. Первые банкноты были напечатаны в Великобритании. На первых купюрах тенге изображены такие выдающиеся личности, как Аль-Фараби, Абылай хан, Абай, Шоқан Уәлиханов. Современные банкноты оснащены защитными элементами: голограммами, микротекстами, ультрафиолетовыми метками. Дизайн и защита тенге признаны одними из лучших в мире (международные награды получены в 2007, 2011 и 2013 годах). Валюта – это не просто средство торговли, это символ независимости и экономической стабильности страны. История тенге – показатель становления Казахстана как суверенного государства.

 

Гүлнар МУХАМЕТЖАНОВА